2025 жылғы 18 тамыздан бастап «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Көшерханұлы Бурахан тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Ернұр Бурахан – журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби медиаменеджер. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасында тілші әрі тележүргізуші, корпорацияның Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің басшысы қызметтерін атқарды. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасын басқарды.
Алты жылдан астам уақыт бойы корпорацияны басқарған Ләззат Танысбай өз өтінішімен қызметін аяқтады. Ол енді «Евразия» Бірінші арнасының» басшылығына кірісті. Ләззат Танысбайдың жетекшілігімен «Abai TV» және «Balapan» арналары іске қосылып, корпорацияның контенті цифрлық кеңістікке бейімделді.
Бұл тағайындау – отандық медиасаланың дамуында жаңа кезеңнің басталғанының белгісі.