Home Aqtobe Day Ақтөбелік әйелдің атына алаяқтар 4 млн теңге несие рәсімдеді
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбелік әйелдің атына алаяқтар 4 млн теңге несие рәсімдеді

Фото: pexels.com

Ақтөбе тұрғыны Whatsapp арқылы қоңырау шалған бейтаныс алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды «Тілші» облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өзін ұялы байланыс операторының қызметкерімін деп таныстырған адам әйелге SIM-картасының мерзімі аяқталып жатқанын айтып, телефонға келген құпия кодты сұраған. Құпия деректерді қолына түсірген қылмыскерлер жәбірленушінің атына екі банк арқылы жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам несие рәсімдеп жіберген.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды мұқият болуға шақырады: құпия кодтарды ешкімге бермеу, күмәнді қоңырауларға сенбеу, банк деректерін тек ресми арналар арқылы ғана растау қажеттігін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version