Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде сегіз адам суши жеп уланды

Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде сегіз тұрғын, оның ішінде екі бала, жапон асханасынан дайын суши жеп, улану белгілерімен инфекциялық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастар жоғары температурамен, құсумен, іш өтуімен және іштің қатты ауыруына шағымданып түскен. Екі адам ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды.

– Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық талдаулар жасалып жатыр. Барлығы да тамақты үйге жеткізу қызметі арқылы – суши мен роллдарға тапсырыс берген, – деді облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансәуле Дәулетова.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, барлығы сегіз адам ауруханаға жүгінген, олардың екеуі – балалар. Екі ересек адам дәрігерлердің ұсынысына қарамастан, ауруханада емделуден бас тартқан.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысына Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 900 тонна сұйытылған газ жеткізіледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *