Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде балалар асханасын тексергені үшін Қоғамдық кеңес төрайымы жазаланды

Фото: hronika.kz

Ақтөбеде мектеп асханаларын тексерген Қоғамдық кеңес төрайымы Тәттігүл Талаеваға айыппұл салынды, деп хабарлайды «Тілші».

Hronika мәліметінше, сәуір айында Қоғамдық кеңес қала мектептеріндегі асханаларды аралап, бірқатар заңбұзушылық анықтаған: тағамға өнімді толық қоспау, ыдыс жуу ережелерін сақтамау, санитарлық кітапшалардың болмауы, ескірген жуғыш заттарды қолдану. Мәселен, бір мектепте 90 грамм болуы тиіс еттің орнына 32 грамм ғана салынған.

Алайда асханаларды жалға алған кәсіпкерлер мұндай тексерістерді қысым деп санап, «Атамекен» палатасы мен прокуратураға шағымданған.

Сот Қоғамдық кеңестің мектеп директорларын ескерткенімен, кәсіпкерлердің өздерін құлақтандырмағанын негізге алды. Нәтижесінде Талаеваға 100 АЕК көлемінде – 393 200 теңге айыппұл салынды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *