Hi-Tech Isker Tilshi

Марк Цукерберг OpenAI мен Google жасанды интеллект мамандарын Meta-ға тартып алды

Фото: flectone.ru

Meta компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукерберг 50-ден астам жетекші жасанды интеллект (ЖИ) маманын жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында OpenAI, Google, Apple, xAI және Anthropic сияқты ірі технологиялық компаниялардың инженерлері мен зерттеушілері бар, деп хабарлайды Wall Street Journal.

Әлеуметтік желілер империясының басшысы мамандарды тартуға жеке өзі қатысып, оларға мол қаржылай өтемақы ұсынған. Кейбір ұсыныстардың көлемі жүздеген миллион долларды құрайтын пакет пен компания үлесін қамтығаны айтылды. Мұндай шығындар салдарынан Meta уақытша жаңа қызметкерлерді қабылдауды тоқтатып қойды.

Сонымен бірге компания Meta Superintelligence Labs атты жаңа құрылым құрды. Ол төрт бөлімнен тұрады:

  • TBD Lab – суперинтеллект жасақтауға бағытталған негізгі топ (жаңа қызметкерлердің көпшілігі осы жерге келді);
  • AI өнімдері тобы;
  • Инфрақұрылым тобы;
  • Fundamental AI Research – ұзақ мерзімді зерттеулермен айналысатын бөлім (құрамында айтарлықтай өзгеріс жоқ).
КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Tesla Ұлыбританияда электр қуатын сатпақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *