Home Aqtobe Day Мұнайлыдағы мемлекеттік сатып алу тағы да күмән тудырды
Aqtobe Day Әлеумет

Мұнайлыдағы мемлекеттік сатып алу тағы да күмән тудырды

Маусым айында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы «Қызылтөбе лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағын көгалдандыруға бөлінген қаражаттың орындалуы бойынша тәуелсіз мониторинг жүргізілді.

Білім басқармасының мәліметінше, мемлекеттік сатып алу конкурсы «баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен өткен. Жобаға 800 мың теңге бөлініп, нәтижесінде мердігер болып «Қуанбаева Г. У.» ЖК танылды. Шарт сомасы – 605 мың теңге.

Техникалық сипаттамаға сәйкес:

  • 60 түп ағаш (30 жапырақты, 30 жеміс ағашы),
  • 70 түп раушан гүлі,
  • Биіктігі кемінде 1,5–3 метр көшеттер отырғызылуы тиіс болатын.

Алайда маусым айында жүргізілген мониторинг барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталды. Территорияны толық аралау нәтижесінде:

  • ағаштардың саны шартта көрсетілген көлемге сәйкес келмейтіні,
  • кейбір көшеттердің қурап қалғаны,
  • ал 70 түп раушан гүлі мүлде жоқ екені белгілі болды.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алу шарттарының толық орындалмауына қатысты орынды сұрақтар туғызады.

TilshiNews.kz редакциясы аталған материалды жариялай отырып, құзырлы органдарды тексеріс жүргізуге шақырады. Сонымен қатар, біз мердігер компания мен жергілікті биліктің ресми ұстанымын жариялауға дайынбыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version