Home Медиа Аида Балаева Orda.kz жариялаған ақпаратты жоққа шығарды
Медиа

Аида Балаева Orda.kz жариялаған ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Kapital.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Orda.kz сайтында жарияланған сыртқы істер министрі Мурат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және бірқатар ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ұсталды деген хабарды жоққа шығарды.

Orda.kz сайтынан скриншот

«Құрметті әріптестер! Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда.
Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.
Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.
Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жанындағы Жалған ақпаратпен күрес орталығы да бұл хабарды жоққа шығарды:

«Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Жалған мәлімет тарату қоғамдағы сенімге нұқсан келтіреді, оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Қазақстан заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқандарға әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған».

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров та түсініктеме беріп, тараған хабарды «журналистік этика мен заңнаманы өрескел бұзу» деп бағалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version