Home Aqtobe Day Ақтөбеде әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен 16 жастағы оқушы апаттан көз жұмды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен 16 жастағы оқушы апаттан көз жұмды

Фото: diapazon.kz

2 қыркүйек кешкісін Ақтөбедегі Бауырластар тұрғын ауданында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Диапазон».

Полиция департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 22:20-да 16 жастағы мектеп оқушысы әкесіне тиесілі Mitsubishi Carisma маркалы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Басқаруды игере алмай, көлік аударылып, жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларын қатаң бақылауға алып, мұндай жағдайға жол бермеуге шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version