Медиа

Orda.kz иесі Бас прокуратураға Бажкенованың үстінен шағымданды

Фото: ҚазТАГ

Orda.kz сайтының 70% үлесіне ие құрылтайшысы Максат Ғаниев бас редактор Гүлнар Бажкенованың әрекеттеріне байланысты Қазақстанның Бас прокуратурасына және Мәдениет және ақпарат министрлігіне ресми түрде жүгінді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Ғаниевтің айтуынша, Бажкенова басқаратын редакция «жалған ақпаратты жиі таратады», бұл өзіне де, редакция қызметкерлеріне де заңдық қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты ол Orda.kz қызметін уақытша тоқтатып, редакциялық, қаржылық және басқарушылық жұмысына тәуелсіз аудит жүргізуді талап етті.

Бизнесмен Бажкенова қолхатпен ақша алғанын растайтын құжаттар барын айтып, бірақ қаржылық есептілікті ешқашан көрмегенін жеткізді.

«Менің мақсатым – редакция қызметкерлерінің ешқайсысы бас редактордың іс-әрекеті үшін орынсыз жауапкершілікке тартылмауы керек», – деді Ғаниев.

Ол редакция ұжымына үндеу жасап, бұл жағдайға байланысты барлық шығынды өзі көтеретінін және порталдың жұмысын заң аясында қалпына келтіруге күш салатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Orda.kz 4 қыркүйекте ҰҚК-ның жоғары лауазымды қызметкерлері мен сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «қамауға алынды» деген хабар таратқан еді. Бұл ақпаратты кейін ҰҚК, Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ ресми органдар толықтай жоққа шығарды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Лұқпан Ахмедьяровтың жағдайына қатысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәлімдемесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *