Home Aqtobe Day Coca-Cola Актөбе облысында жаңа зауыт ашпақ
Aqtobe Day Isker Tilshi

Coca-Cola Актөбе облысында жаңа зауыт ашпақ

Фото: ҚР СІМ

Coca-Cola компаниясы Актөбе облысында жаңа өндіріс орнын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанға АҚШ-тың сауда миссиясы аясында келген америкалық компаниялармен кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантиров мәлімдеді, деп хабарлайды «Іскер Тілші» kapital.kz-ке сілтеме жасап.

Компания өкілдері бұған дейін Шымкентте зауытты іске қосқанын айтып, енді Актөбе өңірінде тағы бір кәсіпорын салуға ниетті екенін жеткізді. Олар мемлекет тарапынан инфрақұрылымдық және реттеушілік қолдау көрсетуге мүдделі екенін атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде Honeywell, Apple, Meta және Boeing секілді америкалық ірі компаниялар Қазақстандағы жобаларын таныстырып, жаңа өндірістер ашу мен кадр даярлау бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Әлібек Қуантировтың айтуынша, Алматы–Нью-Йорк тікелей әуе рейсінің келесі жылы ашылуы екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтып, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version