Әлеумет

Енді пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлейтін болады

Фото: Freepik.com

Елімізде енді пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеуге міндеттеледі, деп хабарлады informburo.kz.

Яғни вагонға өзімен алып кіретін сөмкенің салмағы мен көлеміне шектеу қойылды. Жүкті жолсеріктер өлшейді. Бұл жаңашылдық әзірге арнайы жүк салғыш орындары бар пойыздарда енгізілген. Бірақ тұрғындар ауыр заттарымызды ұшақ, не такси арқылы тасу онсыз да қымбатқа түседі деп отыр.

«Қазақстан темір жолы» бекіткен талапқа сәйкес “Тальго” вагондарына мінерде қолыңызға алып кіретін жүктің салмағы 25 келі, ал үш жақты көлемі, яғни биіктігі, ұзындығы мен ені 150 сантиметрден аспауға тиіс. Ал өзге вагондарға салмағы 35 келі, көлемі 200 сантиметрден аспайтын қол жүгіңізді алып міне аласыз. Сонымен қатар жүкті жолсеріктерге сеніп, тапсырып жіберуге қатаң тыйым салынған.

Ал шамадан тыс ауыр жүкті жолсеріктердің өзі өлшейді. Яғни шекті салмақтан асқан жағдайда әр келі үшін 60 теңгеге дейін ақша төлейсыз. Сонымен бірге төлемақы көлемі жолаушының жүрген жолының шақырымына да байланысты.

«Егер жолсерік пен жолаушы арасында даулы жағдай туындаса, пойыз бастығы қол жүгін таразымен тексеру жұмыстары жүргізіледі. Белгіленген нормадан асқан жағдайда қосымша тариф бойынша ақы төлеу керек. Одан кейін қызметкерлер ресми құжат рәсімдеп, құжатқа сәйкес төлем жасалады. Жүк сол жолаушы мінген пойызбен жөнелтіледі», – деді ҚР «Жолаушылар тасымалы» АҚ Баспасөз қызметінің PR менеджері Сара Сахынбек.

Жауапты мамандар бұл шектеу жолаушыларға вагон ішінде қолайлы болу үшін жасалып отыр дейді. Бірақ тұрғындардың көпшілігі қол жүгінің артық салмағына ақы төлеуге келіспейді. Елімізде қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеу әзірге бірнеше бағытта ғана жүргізіледі. Өйткені барлық жолаушылар пойызында арнайы жүк салғыш орындар қарастырылмаған екен.

Тағы бір айта кетейін жағдай, жүкті рәсімдеместен жолсеріктің өзіне беріп жіберген азаматтар әкімшілік жазаға тартылады. Ал темір жол қызметкерінің өзі жұмыстан босатылады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде 2 адамды көлігімен соққан полицей 9 жылға сотталды

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *