Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде шетелден көлік әкелемін деген алаяқ ұсталды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде Біріккен Араб Әмірліктерінен автокөлік жеткіземін деп уәде берген 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында оның Instagram желісінде «Автобан Дубай» деген атаумен парақша ашып, қолжетімді бағамен көлік әкеліп беремін деп тұрғындарды алдап келгені анықталды. Соның салдарынан жеті адам зардап шегіп, келтірілген шығын көлемі 50 миллион теңгеден асқан.

Фото: Polisia.kz

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») аясында сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды қырағылыққа шақырады: бейтаныс адамдарға ақша аудармау, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеру және ресми құжаттардың болуына көз жеткізу қажет. Күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік жастар бір-бірімен жарысып, 10 тонна қоқыс жинады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *