Home Aqtobe Day Ақтөбеде тұтынушы құқығы қорғалды: шаңсорғыш үшін алынған несие жойылды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде тұтынушы құқығы қорғалды: шаңсорғыш үшін алынған несие жойылды

Фото: shopozz.ru

Ақтөбеде тұтынушы құқығы сақталмай, дауға айналған жағдай шешімін тапты. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, қала тұрғыны банк арқылы 1 млн 320 мың теңгеге Kirby Avalier шаңсорғышын несиеге рәсімдеген.

Алдымен компания өкілдері тұрғындарға хабарласып, «кілемдеріңізді тегін тазалап береміз» деп ұсыныс жасаған. Алайда негізгі мақсаттары — шаңсорғышты сату болған. Клиенттің айтуынша, менеджерлер құралдың жұмысын көрсетіп, басқа дүкендердегі бағамен салыстырған. Тез шешім қабылдату үшін бұрынғы шаңсорғышын қабылдап, 1 млн 900 мың теңге тұратын жаңа құрылғыны жеңілдікпен 1 млн 320 мың теңгеге беретінін айтқан. Бірақ клиент ескі шаңсорғышын беруден бас тартқан. Соған қарамастан, несие рәсімделіп кеткен. Кейін ол тауардан бас тартқанымен, сатушы ақша қайтарудан бас тартқан.

Министрлік түсіндіргендей, заңға сәйкес азық-түлікке жатпайтын тауарды сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде пайдаланылмаса, тұтынушы оны қайтарып беріп, ақшасын толық қайтарып алуға құқылы. Бұл үшін тауардың пломбасы, жапсырмалары, тауарлық түрі сақталуы тиіс.

— Тұтынушыға құқықтық көмек көрсетілді, наразылық арызы жазылды. Сатушыға заңдағы міндеттері түсіндірілді, — делінген министрлік хабарламасында.

Нәтижесінде тараптар арасындағы сатып алу-сату шарты бұзылып, 1 млн 320 мың теңгеге рәсімделген несие жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version