Home Aqtobe Day Мас күйде жанжал шығарған Мәртөк тұрғыны көше сыпырып жүр
Aqtobe Day Әлеумет

Мас күйде жанжал шығарған Мәртөк тұрғыны көше сыпырып жүр

Фото: nur.kz

Мәртөк ауданының тұрғыны өз үйінде алкогольдік масаң күйде жанжал шығарған. Оның әрекеті жұбайының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Өзінің әрекеті арқылы ер адам отбасылық жанжалға себеп болған.

Полиция қызметкерлері «Учаске» Жедел профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік іс қозғап сотқа жолдады. Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, құқық бұзушыға 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Полиция 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасында әкімшілік жаза түрі ретінде — қоғамдық жұмыстар енгізілгенін еске салады. Бұл жаза ұсақ бұзақылық, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар сияқты бірқатар құқық бұзушылықтар үшін айыппұлға балама ретінде қарастырылады.

Бұл шара тек құқық бұзушының келісімімен ғана қолданылады. Ал қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, оған қосымша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version