Hi-Tech Isker Tilshi

Apple жаңа iPhone 17 желісін таныстырды

Фото: ixbt.com

Apple компаниясы Купертинода өткен шарада iPhone 17 желісін ұсынды. Жаңа смартфондардың ішінде ең көп назар аудартқаны – әлемдегі ең жұқа телефон iPhone 17 Air. Оның қалыңдығы небәрі 5,6 мм.

iPhone 17 Air жаңа A19 Pro чипімен жабдықталған. Бір зарядпен 27 сағатқа дейін видео көруге мүмкіндік береді. Ал арнайы қосымша аккумуляторымен бұл көрсеткіш 40 сағатқа дейін артады. Бағасы – 999 доллардан басталады.

iPhone 17 Pro және Pro Max нұсқалары батарея қуатымен ерекшеленеді. Мысалы, Pro Max моделі бір зарядпен 39 сағат видео көрсетуге қауқарлы. Бұл – алдыңғы буынға қарағанда 6 сағатқа ұзақ.

Компания сонымен қатар жаңа Apple Watch пен AirPods Pro 3 құлаққаптарын таныстырды. Құлаққаптарда лезде аударма функциясы бар.
Айта кетейік, Apple төртінші жыл қатарынан әлемдегі ең қымбат бренд болып отыр. BrandZ рейтингінің мәліметінше, компания құны 1,3 трлн долларды құрады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Yandex Qazaqstan биыл такси жүргізушілері үшін 3 млрд теңге салық төледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *