Company

ҚазМұнайГаз-Аэро Ақтөбеде инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті

Фото баспасөз қызметінің мұрағатынан

Ақтөбе әуежайында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы — ҚМГ-Аэро жаңа отын құю кешенін салу жобасын іске асыра бастады. Жобаның бірінші кезеңінде инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Олардың мақсаты — болашақ өндірістік нысандардың қауіпсіздігі мен ұзақ уақыт бойы пайдалануын қамтамасыз ету үшін топырақтың сипаттамаларын және жерасты суларының деңгейін жан-жақты зерттеу. Аталмыш жұмыстар аяқталғаннан кейін негізгі құрылыс басталады.

Жаңа отын құю кешені әуе кемелерін РТ және ТС-1 маркалы отындармен ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарықта сұранысқа ие Jet A-1 авиаотынымен де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл стандартқа көшу — Қазақстанды жаһандық әуе көлігі желісімен интеграциялау үшін қажет, сондай-ақ бұл болашақта экологиялық таза авиаотын (SAF) қолданудың міндетті талабы.

Жоба екі іске қосу кешенінің құрылысын көздейді. Бірінші кезеңде көлемі 600 текше метр болатын мобильді отын құю кешені салынып, екі отын құю көлігі сатып алынады. Екінші кезеңде негізгі нысан бой көтереді — отын құю кешенінің 20,2 мың текше метр отын сақтауға арналған резервуар паркі, теміржол құю-түсіру эстакадасы және диспетчерлік орталық.

Инвестиция көлемі шамамен 5 млрд теңгеге бағаланған, жобаны іске асыру аясында 50-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылады. Осылайша, Ақтөбе әуежайы толыққанды авиациялық хабқа айналып, Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік торап ретіндегі рөлі күшейтілмек.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Туризм мен қоян-қолтық ұрыс: Хромтауда жаздың соңғы айы осылай өтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *