Саясат

Қазақстан шекарадан заңсыз өтушілерге жазаны күшейтеді

Фото: ҚР ҰҚК Кеден қызметінің баспасөз қызметі

17 қыркүйектен бастап елімізде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейеді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабына («Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту») және 394-бабына («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») өзгерістер енгізілді.

Негізгі өзгерістер:

392-бап «Шекараны заңсыз кесіп өту»

  • 1-бөлік бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайды, ал айыппұл 1000 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін артты.
  • Жаңа 1-1 бөлік енгізілді. Онда келесі жағдайлар қарастырылған:
  • топ болып немесе алдын ала сөз байласу арқылы;
  • қайталанып жасалса;
  • Қазақстанға кіруге немесе елден шығуға тыйым салынғанына қарамастан әрекет жасалса.
    Бұл жағдайда айыппұл көлемі 3000 АЕК-ке дейін немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар елден шығарылады.
  • 2-бөлік бойынша жаза 4 жылдан 7 жылға дейін қатаңдатылды (бұрын 5 жылға дейін болатын).

394-бап «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру»

  • 1-бөлік: бас бостандығынан айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін, айыппұл 2000 АЕК-тен 3000 АЕК-ке дейін көбейді.
  • 2-бөлік: мерзім 5 жылдан 7 жылға дейін, айыппұл 5000 АЕК-тен 7000 АЕК-ке дейін өсті.
  • 3-бөлік: ең жоғарғы жаза 7 жылдан 10 жылға дейін ұлғайды.

Неліктен бұл маңызды?

Шекара қызметі заңға енгізілген түзетулерден кейін бұл қылмыстар «шағын ауырлықтағы» санаттан «орташа ауырлықтағы» санатқа өтетінін түсіндірді. Яғни жауапкершілік қылмысты жасау сәтінен ғана емес, оған дайындалу немесе әрекеттену кезеңінен бастап туындайды.

Сонымен бірге, тергеу кезінде топпен жасалған, алдын ала сөз байласқан және қайталанған құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылмақ.

Қоғамға үндеу

Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырды. Шекараны заңсыз кесіп өту фактілері немесе күдікті адамдар байқалған жағдайда жақын жердегі шекара бөлімшесіне хабарлау немесе мына телефондарға қоңырау шалу қажет: +7 (7142) 52-04-07, 52-04-17

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  The Washington Post Трамп пен Путин сөйлесті деп жазды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *