Home Aqtobe Day Қазақша күрестен жарақат алған 15 жастағы ақтөбелік көз жұмды
Aqtobe Day Әлеумет

Қазақша күрестен жарақат алған 15 жастағы ақтөбелік көз жұмды

Фото: Pixabay.com

Халықаралық турнирде ауыр жарақат алған ақтөбелік жас спортшы Астанада қайтыс болды, деп хабарлайды «Тілші».

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысының Ерейментау қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы (2010–2011 ж.т.) халықаралық турнирде болды. Белдесу кезінде ақтөбелік спортшы қарсыласының әдісінен кейін басымен құлап, ауыр жарақат алған.

Жасөспірім шұғыл түрде Астанаға жеткізіліп, дәрігерлер бір апта бойы оның өмірі үшін күресті. Алайда 15 қыркүйекте спортшының жүрегі тоқтады.

Ресми мәліметке сәйкес, марқұмның денесі Ақтөбеге жаттықтырушы мен туыстарының сүйемелдеуімен жеткізілді. Жерлеу рәсімі 18 қыркүйекте өтеді.

Бұл оқиға биыл қазақша күрестен болған алғашқы қайғылы жағдай емес. Ақпан айында Ақтөбеде тағы бір 15 жастағы жас спортшы – Рахымжан Елепбергенов оқу-жаттығу жиыны кезінде алған жарақатынан көз жұмған болатын. Оның туыстары оқиғаға ұйымдастырушылардың жауапсыздығы себеп болды деп санайды, өйткені залда медициналық қызметкер болмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version