Home Aqtobe Day Ақтөбе облысында жылқы ұрлағандар қылмыс үстінде ұсталды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында жылқы ұрлағандар қылмыс үстінде ұсталды

Ақтөбе облысында полицейлер жылқы ұрлығына күдіктілерді орман ішінде қылмыс үстінде қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екі азамат ұсталды. Олардың бірі орман алқабында жайылымнан айдап әкелген жылқыны сойып, етін бөлшектеп жатқан сәтінде қолға түсті.

Тергеу деректеріне қарағанда, екінші күдікті делдал рөлін атқарған. Ол етті қала базарларының біріне жеткізіп, сатуды жоспарлапты.

Оқиға орнынан сойылған жылқының еті, сондай-ақ күдіктілер пайдаланған көлік құралдары – мотоцикл мен жол талғамайтын автокөлік тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмай, сақтық шараларын сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу ішкі істер органдарына хабарлауды ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version