Home Aqtobe Day Ақтөбедегі Батыс Қазақстан медицина университетінің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбедегі Батыс Қазақстан медицина университетінің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды

Фото: zhambyl.gov.kz

Алматы облысының Іле аудандық сотында Батыс Қазақстан медицина университетінің бұрынғы ректоры Әсет Қалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды hronika.kz.

Сот Қалиевті ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Ірі көлемде пара алу») бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар кәсіпкер Инесса Мутурганова да ҚР ҚК-нің 367-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Ірі көлемде пара беру») бойынша кінәлі деп танылып, сот үкімімен жазаға тартылды.

Тергеу деректеріне сәйкес, Қалиев 2024 жылғы 28 мамырда 11,6 млн теңге көлемінде пара алған сәтінде ұсталған. Қаражат үйін тінту кезінде тоңазытқыштан табылды. Пара кәсіпкерлік құрылымға мемлекеттік сатып алулар бойынша медициналық жабдықтар жеткізілім актілеріне қол қою үшін берілген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Әсет Қалиев 1974 жылы дүниеге келген. Ақтөбе медициналық академиясында жоғары білім алып, «дәрігер-хирург» мамандығын игерген.

Еңбек жолы 1997 жылы басталды. Алғашқы қызметі – өзі оқыған академияның госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болды, кейін сонда аспирантурада оқыды.

Әр жылдары Әсет Әскерұлы Ақтөбе қаласында дәрігер-хирург, аурухана бөлімінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан медицина университетінің хирургия кафедрасында ассистент, сондай-ақ Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы және орынбасары қызметтерін атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version