Ақпарат

Хромтауда Ағайынды Жұбановтарға арналған муралдар салынды

Хромтауда Ағайынды Жұбановтар көшесінде әйгілі композитор Ахмет Жұбанов пен көрнекті түркітанушы-ғалым Құдайберген Жұбановқа арналған муралдар салынды, деп хабарлайды «Тілші» Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Хромтауда ERG компаниясының қолдауымен «Tugan Qala» жобасы аясында жаяу жүргіншілер күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Жол жабыны жаңартылып, заманауи көше жиһаздары орнатылуда. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру, жаңа спорт және ойын алаңдарын жасау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылық пен қауіпсіздікті айтарлықтай арттырады.

Облыс әкімі Асхат Шахаров «Таза Қазақстан» акциясы аясында көшені көгалдандыруға қатысып, алма ағашын отырғызды.

Өңір басшысы мұндай бастамалардың тұрғындар өмір сапасын арттырудағы маңыздылығына тоқталып, абаттандырылған көшелер мен саябақтар қаланы баршаға қолайлы әрі тартымды ететінін айтты.

«Көшелерді абаттандыру мен жасыл аймақтар құру – тұрғындарымыздың жайлылығы мен денсаулығына қосылған маңызды үлес. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу – қала тұрғындары және бизнес өкілдерімен бірге қаланы таза әрі көрікті етуіміздің үлгісі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз көгалдандыру мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын белсенді түрде жалғастырамыз. Мұндай жобалар – өмір сүріп, дамығың келетін қала қалыптастыруға септігін тигізеді», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Бақыт АМАНЖОЛҚЫЗЫ - медиа стратегиясы, пропаганда мен құндылық, кризистік коммуникация жайлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *