Home Aqtobe Day Қарғалы ауданында тұрғын интернет-алаяқтардың құрбаны болды
Aqtobe Day Әлеумет

Қарғалы ауданында тұрғын интернет-алаяқтардың құрбаны болды

Фото: synchtank.com

Қарғалы ауданында ер адам жеңіл жолмен табыс тапқысы келіп, интернет-алаяқтардың арбауына түсті. Telegram мессенджерінде ол TikTok әлеуметтік желісіндегі видеоларды көріп, лайк басып, әр скриншот үшін 300-ден 800 теңгеге дейін табыс табуға болады деген жарнаманы байқап қалған.

Жылдам табысқа сенген азамат «әкімші» нұсқауына еріп, арнайы сайтқа тіркеліп, онда тапсырмалар орындап, фильмдер сатып алуы тиіс болған. Алаяқтар салынған қаражат 30% пайда әкеледі деп сендірген.

«Жұмыс» барысында ер адам көрсетілген банктік карталарға ақша аударып отырған. Ақыры алаяқтар оның сенімін пайдаланып, 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденіп кетті.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.
Полиция департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырады: күмәнді интернет-жарнамаларға сенбеңіздер, бейтаныс адамдарға ақша аударудан бұрын ақпаратты мұқият тексеріңіздер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version