Home Company Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы құны $4,4 млрд болатын 10 құжатқа қол қойды
Company

Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы құны $4,4 млрд болатын 10 құжатқа қол қойды

Фото: sk.kz

Бұл құжаттар Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін, инвестициялық тартымдылығын әрі тұрақты дамуын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды «Тілші».

«Самұрық-Қазына» АҚ Kuiper Systems LLC компаниясымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Жоба аясында «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанда спутниктік байланыс қызметтерін іске қосу бойынша Amazon Kuiper Commercial Services-пен келісім жасады.

«Қазақстан темір жолы» АҚ Wabtec компаниясымен жалпы құны $4,2 млрд болатын 3 келісімге қол қойды. Құжаттар бойынша жетілдірілген 300 жүк локомотивін жеткізу, сондай-ақ жаңа және бұрын жеткізілген локомотивтерге сервистік қызмет көрсету көзделген. Бұдан бөлек, Deutsche Bank және Santander банктерімен, US EXIM қатысуымен 93 Wabtec тепловозын сатып алуға қаражат тарту жөнінде мандаттық келісім жасалды.

«ҚазМұнайГаз» АҚ 4 құжатқа қол қойды: Chevron компаниясымен – тауарларды локализациялау, кадр даярлау және құзыреттерді дамыту бойынша; ExxonMobil Kazakhstan Exploration and Production компаниясымен – мұнай-газ саласындағы жаңа технологиялар бойынша; Lummus Technology компаниясымен – Атырауда Құзыреттер орталығын құру туралы; LanzaJet компаниясымен – авиаотын шығару жобасына қатысты шекті келісім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version