Home Aqtobe Day Ақтөбелік полицей көліктерінің «дәрігері» — Дима ағай
Aqtobe Day

Ақтөбелік полицей көліктерінің «дәрігері» — Дима ағай

Ақтөбе облыстық полициясында қызметтік автокөліктердің «денсаулығына» жауап беретін бір адам бар. Ол – Дүйсенбай Құрақбаев, әріптестері оны еркелетіп Дима ағай дейді. Соңғы 30 жылда полицейлердің темір тұлпарлары тек оның сенімді қолында, деп хабарлайды «Тілші».

Көліктің сырын дыбысынан біледі
Дүйсенбай Ғайнетдинұлы көліктің моторын тыңдап-ақ ақауды табады. Компьютерлік диагностикасыз-ақ «диагноз» қоятын тәжірибелі маман: қай көлік жолға шығуға дайын, ал қайсысы емес — соңғы сөзді ол айтады.

900-ге жуық көлік бақылауда
Бүгінде ол – облыстық полицияның Автожөндеу шеберханасының басшысы. Қарауында шамамен 900 көлік бар. Полицейлердің қызметтік көліктері аптап ыстықта да, ақтүтек боранда да, нөсерлі жауын кезінде де тоқтамай жүруі тиіс. Сондықтан олардың техникалық жағдайы әрқашан мінсіз болуы шарт. Бұл – Дима ағайдың басты ұстанымы.

Қашықтан кеңес береді
Жалпы тәжірибесі сонша, шалғайдағы аудандардағы тәртіп сақшылары да кеңес алу үшін оған хабарласады. Телефон арқылы-ақ көліктің «ауруын» дөп басып, жөндеу жолын айтып береді.

Өмірлік қағидасы
«Мамандықтың жаманы жоқ. Маңыздысы — адал жұмыс істеу», — дейді ол.

Дүйсенбай Құрақбаев – жай ғана механик емес, полицейлердің әр сапарына, әрбір рейдке шыққан сәтіне тікелей ықпал ететін кәсіби маман. Оның еңбегі – жолдағы қауіпсіздіктің де кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version