Home Aqtobe Day FIBC Қазақстан фабрикасы вагондарға арналған қаптамалар мен биг-бэгтер шығарады
Aqtobe Day Isker Tilshi

FIBC Қазақстан фабрикасы вагондарға арналған қаптамалар мен биг-бэгтер шығарады

sk.kz

Ақтөбе индустриялық аймағында орналасқан FIBC Kazakhstan ЖШС вагондарға арналған қаптамалар, биг-бэгтер, тенттер және полипропилен таспасын өндіреді, деп хабарлайды Isker Tilshi облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания өкілі Ботакөз Тайбукенованың айтуынша, фабрика ірі көлемді тауарларға арналған полипропилен қаптамаларын шығаруға маманданған. Қазіргі таңда зауытта шамамен 150 қызметкер еңбек етеді. Ай сайынғы өндірістік қуат шамамен 140 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Негізгі шикізат Атыраудағы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) зауытынан жеткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version