Home Саясат Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен сөйлесті
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен сөйлесті

Фото: kaztag.kz

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады, деп хабарлайды «Тілші» Ақордаға сілтеп.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді.

Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version