Жарнама

Ақтауда TURKWOMEN халықаралық форумы өтеді

29–30 қыркүйек күндері Ақтау қаласында түркі әлемінің әйел көшбасшылары бас қосады. TURKWOMEN форумы зерттеуші, кәсіпкер әйелдерді, мәдениет және медиа өкілдерін біріктіріп, әйел рөлі туралы әңгімені декларация деңгейінен нақты әрекеттерге көшіруді мақсат етеді, деп хабарлайды «Тілші».

Форум аясында институционалдық өзгерістер, қала мен ауылдағы кәсіпкерлік модельдер, мәдени мұраны сақтау және қазіргі медианың ықпалы талқыланады.

Бағдарламада Түркиядан Burcu Miraç Dıraor Aydın, сондай-ақ Қазақстаннан Зира Наурызбай (қазақ тарихындағы әйелдің бейнесі), Макпал Жұмабай (шығармашылық көшбасшылық және институттар), Әсия Бақдаулетқызы (әйел рөлі дискурсының трансформациясы) сөз сөйлейді. Сонымен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан халықаралық спикерлер қатысады.

Форумға Ақтаудың Іскер әйелдер кеңесі де атсалысып, пікірталастар, мәдени бағдарлама, нетворкинг аймақтары және БАҚ-пен жұмыс ұйымдастырылады.

Шара өңір үшін әйелдер кәсіпкерлігі, креативті экономика, туризм және мәдени индустриялар сияқты жаңа өсім нүктелерін дамытуға серпін бермек. Форум барысында:

  • бірлескен жобаларды іске қосу (менторлық, акселераторлар, білім беру);
  • қолдау тетіктерін айқындау (шағын гранттар, нарықтарға қолжетімділік, бала күтімі инфрақұрылымы);
  • Ақтаудың түркі әлеміндегі халықаралық байланыстарын күшейту мәселелері қарастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға шамамен 700 қатысушы жиналады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін де жағдай жасалмақ.

Форумды «GUMOL» Стратегиялық зерттеулер орталығы Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткізеді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Isker Tilshi ортасының басқосуларына қалай қатысуға болады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *