Home Aqtobe Day Шалқарлық тұрғын өз ауласында марихуана өсірген
Aqtobe Day Әлеумет

Шалқарлық тұрғын өз ауласында марихуана өсірген

Фото: polisia.kz

Ұсталған сәтте 47 жастағы тұрғынның өзі есірткілік мас күйде болған, деп хабарлайды «Тілші» polisia.kz сайтына сілтеп.

«Қарасора — 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен полиция қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз өсіру фактісін анықтады. Шалқар ауданының 47 жастағы тұрғынының үйінде санкцияланған тінту жүргізу кезінде, шаруашылық құрылыс нысандарының бірінен (шатырсыз сарайда) топыраққа отырғызылған 32 бұта табылды. Сыртқы белгілері бойынша олар есірткі құрамдас өсімдік – қарасораға ұқсас.

Сонымен қатар екі бұта пластик ыдыстарға отырғызылған күйде болған. Қосымша тексеру кезінде, басқа сарай мен тұрғын үйден есірткі затына ұқсас өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған 5 пакет, сондай-ақ қарасора сабақтарына толы 8 қап табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Күдіктінің айтуынша, ол бұл өсімдіктерді жеке тұтыну үшін өсірген. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, ұсталған сәтте ол есірткілік мас күйде болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 100 келіден астам болатын есірткі құралы — марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version