Home Әлеумет Ақтөбеде Wildberries пунктіндегі ақауды пайдаланып, тауар ұрлаған үш адам сотталды
Әлеумет

Ақтөбеде Wildberries пунктіндегі ақауды пайдаланып, тауар ұрлаған үш адам сотталды

Фото: yandex.kz

Ақтөбеде маркетплейс жүйесіндегі қателікті пайдаланып, тауарды ақы төлемей рәсімдеп келген екі менеджер мен олардың танысына үкім шықты. Залал 29,3 млн теңге деп бағаланды. Бұл туралы «Тілші» Диапазонға сілтеп хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, тапсырыс беру-алу орнында қолданылатын WB Point бағдарламасында ақау болған. Менеджерлер тауардың QR-кодын оқып, айлалы әрекеттен соң, ақша шешілмей-ақ «берілді» деген белгімен затты алып шығатын. «Клиент» ретінде олардың танысы келіп тұрған. Схема 2024 жылдың тамызынан қарашасына дейін жүріп, киім, аяқ киім, тұрмыстық химия, ыдыс-аяқ, құрал-сайман секілді сан алуан тауарды қамтыған.

Бұзушылықты компанияның талдау бөлімі анықтап, айғақтар полицияға жолданған. Wildberries өкілі шығынды жеткізушілерге өтеуге мәжбүр болғанын, тәркіленген заттардың бір бөлігі штрихкоды жоқ не қолданылғандықтан сатуға жарамсыз екенін айтты.

Үкім:

  • менеджерлер Ботагөз У. және Сергей К. – әрқайсысы жазасын 4 жыл (рақымшылықтан кейін) орташа режимдегі колонияда өтейтін болады;
  • үшінші айыпталушы – 3 жыл 4 ай, жүктілігі ескеріліп, жазаны өтеу 1 жылға шегерілді.

Айыпталушылар кінәні әртүрлі деңгейде мойындады: бірі ақауды өзі тауып, фейк аккаунттар мен түрлі SIM-карталар арқылы тапсырыс бергенін айтса, екіншісі шамамен 4 млн теңгенің затын алғанын мойындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version