Home Aqtobe Day «ВАЗ» көліктерін бұзу оңай: Ақтөбеде жеті автокөлікті тонаған күдікті ұсталды
Aqtobe Day Әлеумет

«ВАЗ» көліктерін бұзу оңай: Ақтөбеде жеті автокөлікті тонаған күдікті ұсталды

Фото: storage.googleapis.com

Ақтөбеде полиция қызметкерлері бірнеше көлікті тонаған 42 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды «Тілші».

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында тұрған автокөліктерді бұзып, негізінен ВАЗ маркалы машиналарды нысанаға алған. Ол салоннан автомагнитола, кілттер және автокөлік иелеріне тиесілі жеке заттарды ұрлап отырған.

Күдікті өзінің түсініктемесінде қыркүйек айының басынан бері жеті көліктен ұрлық жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ВАЗ маркалы көліктерді бұзу оңай болған.

Тергеу барысында ұрланған заттардың бір бөлігі табылып, заттай дәлел ретінде іс материалдарына тіркелді. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version