Home Isker Tilshi Әділбек Өмірәлиев «QAZAQ AIR» АҚ (VIETJET QAZAQSTAN) Басқарма төрағасы болып тағайындалды
Isker Tilshi

Әділбек Өмірәлиев «QAZAQ AIR» АҚ (VIETJET QAZAQSTAN) Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Әділбек Өмірәлиевтің 18 жыл еңбек өтілі бар, оның 15 жылдан астамы көлік және коммуникация саласына тиесілі, деп хабарлайды «Іскер тілші» компания баспасөз қызметіне сілтеп.

Швейцария Конфедерациясының Еуропалық университетінде «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА) дәрежесін алған. Бұған дейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің есептеу математикасы және кибернетикасы факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «Қазкосмос» АҚ-да бас маман қызметінен бастады. Кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ, «Зерде» ақпараттық-коммуникациялық холдингі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеген.

2019 жылдан бастап «QAZAQ AIR» (VIETJET QAZAQSTAN) компаниясында қаржы директоры қызметін атқарды, ал 2024 жылы мамырдан бастап компанияның Басқарма төрағасының міндетін атқарып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version