Isker Tilshi

FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейс ашты

Фото: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылғы 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады. Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды «Іскер Тілші».

Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10–24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді. Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.

«Ақтаудан Дубайға әуе бағытының ашылуы FlyArystan-ның қолжетімді, соның ішінде халықаралық бағыттарды кеңейтуді мақсат еткен стратегиялық бағытын көрсетеді. Бүгінде әуекомпания Ақтаудан Кутаиси, Баку және Ыстамбұлға тұрақты рейстерді орындайды. Дубай қазақстандық саяхатшылар үшін әрдайым ең сұранысқа ие бағыттардың бірі, сондай-ақ, әлемнің жетекші туристік әрі іскерлік орталығы саналады. Біз жаңа бағыт түрлі санаттағы жолаушылар үшін тиімді шешім боларына сенімдіміз», — деді Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті.

Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жолаушылар Ақтауға Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Астана және Орал қалаларынан FlyArystan рейстерімен жете алады. Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.

FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 5 кг-нан аспайтын (56×23×36 см) бір дана қол жүгі және борттағы кездейсоқ таңдалған орын кіреді. Әуебилеттері мен қосымша қызметтерді әуекомпанияның мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com сайты немесе өзге де ресми сату арналары арқылы сатып алуға болады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеден шыққан меценат еліміздің кітапханаларына инновациялық технологиялар туралы 8 мың кітап сыйға тартты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *