Шалқар ауданында «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы Бозой жерасты газ қоймасында екі ұңғыманы рұқсатсыз бұрғылаған, деп хабарлайды «Тілші».
Табиғат қорғау прокурорларының мәліметінше, мұндай жұмыстарға қоршаған ортаға эмиссияға арналған арнайы рұқсат қажет.
Компания 20 миллион теңге айыппұлды өз еркімен төлеген. Ал қалған 1,1 млрд теңгені өндіру үшін сотқа талап арыз берілді.
Заң бойынша, кәсіпорын бір ай ішінде айыппұлдың қалған сомасын төлеуге міндетті.