Әлеумет

Педофилдирге химиялық кастрация түрмеден шығуына алты ай қалғанда жүргізіледі

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрі мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды «Тілші» Қазақпаратқа сілтеп.

Жаңа ережелерге сәйкес:

  • қағидаларда мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараның химиялық кастрация түрінде қолданылуы нақты белгіленді;
  • химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыс жасаған, 18 жастан асқан адамдарға ғана тағайындалады және ол заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі;
  • шара жазасын өтеу орнында немесе амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында іске асыралады;
  • сотталған адамды босатуға алты ай қалғанда түзеу мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдайды, бұл оның психикалық ауытқуы мен жыныстық зорлыққа бейімділігін анықтау үшін жүргізіледі;

Аталған нормалар есі дұрыс деп танылған, бірақ психикалық ауытқуы бар сотталғандарға қолданылатын медициналық сипаттағы шараларға таралмайды.

Бұйрық 2025 жылғы 17 қазанда күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министрлігі химиялық кастрацияны қолдану тәртібінің өзгеретіні туралы биыл тамызда хабарлаған еді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, соңғы 2 жылда, нақты айтқанда 2023 жылы – 40, ал 2024 жылы 56 адамға химиялық кастрация тағайындалған. Бүгінде химиялық кастрацияны 53 адам алады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *