Isker Tilshi

Air Astana басшысы ауысады: Питер Фостер қызметінен кетеді

Фото: news.tek.fm

«Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылғы наурыз айының соңында қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол басқармадан шыққанымен, компаниямен байланысын үзбейді – директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады.

Фостердің орнына қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас директор болып тағайындалады. Ол Air Astana құрамында 2003 жылдан бері қызмет атқарып келеді: алғашында коммерциялық блокты басқарған, ал 2017 жылдан бері қаржы директоры болып жұмыс істеп келеді.

Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов Питер Фостердің 20 жылдық еңбегін жоғары бағалап, компанияны аймақтың жетекші брендіне айналдырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Ибрахим Жанлыелдің авиация саласындағы тәжірибесі мен компанияны дамытудағы рөлін атап өтіп, жаңа кезеңге сенім білдірді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт Астана мен Алматыдағы MEGA желісінде бір уақытта өтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *