Әлеумет

«7-20-25» бағдарламасымен баспана алу лимиті көбейді

Фото: pixabay

Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізді. Жаңа қаулы 26 қыркүйекте қабылданып, баспана сатып алуға рұқсат етілген ең жоғарғы сома өңірлер бойынша қайта қаралды.

Жаңа лимиттер:
• Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау және қала маңы аймақтары
бұрынғы 25 млн орнына 30 млн теңгеге дейін
• Қарағанды – 20 млн-нан 25 млн теңгеге дейін
• Басқа облыстар – 15 млн-нан 20 млн теңгеге дейін

Қарыз алушыға енді тең қарыз алушыдан бөлек кепілгер тартуға да рұқсат беріледі. Бірақ несие алушының кірісі үздіксіз болуы міндетті шарт болып қалады.

Ұлттық Банктің мәліметінше, бұл өзгерістер ипотеканы қолжетімді етіп, көбірек азаматқа үй алуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Бағдарлама туралы қысқаша:
«7-20-25» 2018 жылдан бері қолданыста. Шарттары:
• мөлшерлеме – жылына 7%
• бастапқы жарна – 20%-дан басталады
• мерзімі – 25 жылға дейін

2025 жылдың 2 қазанына дейін бағдарлама арқылы:
81 886 қарыз берілген, жалпы сомасы 1,15 трлн теңгеге жуық.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде Wildberries пунктіндегі ақауды пайдаланып, тауар ұрлаған үш адам сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *