Осы жылдың көктемінде Азамат Сәрсенбаевқа жала жабу бабымен әкімшілік іс қозғалған еді.
Бұған блогердің Instagram парақшасындағы жазбасы себеп болған. Онда ол Ақтаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бір өкілі сауда орталығының құрылысына «қамқорлық жасаған» болуы мүмкін деп мәлімдеген.
Сот Сәрсенбаевтың пайдасына шешім шығарды. Бұл туралы блогер Facebook парақшасында хабарлады:
«Мен әділ шешім шыққанына өте қуаныштымын. Бұл жағдайды пайдаланып, сот жүйесінің мемлекеттік органдарды сынға алғаны үшін адамдарды “жабуға” мүмкіндік беретін қауіпті прецедент қалыптастыруына жол бермедік!»
деп жазды блогер.