Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен дәрігерлік амбулатория салынды

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды «Тілші».

Жаңа амбулатория тәулігіне 45 келушіні қабылдауға есептелген. Нысан толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдау, емдеу және тексеру бөлмелері бар, бұл ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек алуға мүмкіндік береді.

Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жоба Президент бастамашы болған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Қайтарылған активтер қаражаты және Арнаулы мемлекеттік қор есебінен Ақтөбе облысында ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба іске асырылуда. Оның төртеуі пайдалануға берілсе, жетеуінің құрылысы жалғасып жатыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде әлеуметтік қызметкер атын жамылған алаяқ зейнеткерден 4 млн алып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *