Home Aqtobe Day «Ақтөбе U-16» командасының 15 жастағы ойыншысы көз жұмды
Aqtobe Day Әлеумет

«Ақтөбе U-16» командасының 15 жастағы ойыншысы көз жұмды

QJ League турнирінде өнер көрсететін «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды.

Жас спортшының қазасы туралы ақпаратты жергілікті футбол клубы өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Белгілі болғандай, Аронмен бірге оның әжесі мен немере ағасы да көз жұмған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрттің белгілерін байқамаған, үш адамның мәйітін тапқан. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ТЖД хабарлады.

Қазіргі таңда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері барлық қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Ведомство өкілдері оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір отбасының үш мүшесінің қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Газ жабдығына техникалық сараптама жүргізіліп жатыр, оқиғаның себебі мен мән-жайы нақтылануда», – деп атап өтті ведомствода.

Tilshinews.kz редакциясы Мұса әулетіне қайғыра көңіл айтып, жақындарына сабыр тілейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version