Әлем Саясат

ХАМАС екі жыл тұтқында ұстаған 20 израильдікті босатты

Фото: bbc.com

ХАМАС ұйымы Газа секторында екі жылдан астам тұтқында болған 20 израиль азаматын босатты. Бұл — 2023 жылы қазан айында басталған соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімнің басты шарты, деп хабарлайды «Тілші» BBC-ге сілтеп.

Бейбіт келісім және тұтқын алмасу

Босату процесі екі кезеңнен тұрды: Алдымен Қызыл Крест өкілдеріне 7 тұтқын тапсырылды. Кейін тағы 13 адам босатылды.

Осыған жауап ретінде Израиль билігі шамамен 2000 палестиналықты түрмеден босатты.

Бірінші топ таңғы сағат 8 шамасында Газа қаласында Қызыл Крестке берілді. Олардың есімдері жария етілді:
Гали және Зив Берман, Матан Ангрест, Алон Охель, Омри Миран, Эйтан Мор және Гай Гильбоа-Даллаль.

Олардың есімдері жарияланған сәтте Тель-Авивтегі «Тұтқындар алаңында» жиналған мыңдаған израильдіктер қуанышпен қол шапалақтады.

«Жеті босатылған тұтқын қазір Газа секторында ЦАХАЛ мен ШАБАК сарбаздарымен кездесіп, Израиль аумағына бет алды», – деп хабарлады Израиль әскері.

Кейінірек әскерилер босатылған тұтқындардың Израиль аумағына жеткенін, оларды алғашқы медициналық тексеруден өткізу жоспарланғанын растады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдарға қол қойды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *