Aqtobe Day Isker Tilshi

Ақтөбелік оқушы қалдықтардан құрылыс материалын өндіретін зауыт жобасын ұсынды

Ақтөбе облысы, Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құснатдин Қуаныш «Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу» тақырыбында қоқысты тиімді өңдеп, одан құрылыс материалдарын өндіретін зауыттың бизнес-жоспарын әзірледі.

Қуаныш ұсынған «Болашақ» ЖШС зауытының жобасы – экологиялық ахуалды жақсартуға, қоқыс көлемін азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын дамытуға бағытталған тың бастама.

Жас зерттеуші зауыттың макетін жасап, нақты технологиялық шешімдер мен іске асыру тетіктерін ұсынды. Жоба 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асып, 2030 жылы толық қуатына шығуы жоспарлануда.

Биылғы 2024–2025 оқу жылында өткен «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсында Қуаныштың еңбегі жоғары бағаланып, ол ІІ орынды иеленді.

– «Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның борышы. Егер біз бүгін табиғатқа қамқорлық танытсақ, ертең таза әрі қауіпсіз елде өмір сүреміз. Менің арманым – елімнің экологиясына өз үлесімді қосу және болашақта осындай зауыттардың шын мәнінде іске қосылуын көру», – дейді жас зерттеуші Қуаныш.

Жетекшісі – Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің химия-биология пәндерінің мұғалімі Лукпанова Камшат Тажигараевна.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік полицей көліктерінің «дәрігері» — Дима ағай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *