Aqtobe Day Әлеумет

Тұтынушылардың құқығы белсендірек қорғала бастады: 9 айда 77 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Фото: inbusiness.kz

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 1363 өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға көп. Өтініштердің 54%-ы тұтынушылардың пайдасына шешілді.

Азаматтарға тауарлар мен қызметтер үшін төленген 77,3 миллион теңге қайтарылған. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек саудаға, тұрмыстық қызметтерге және онлайн сатып алуларға қатысты болған.

Тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін жыл басынан бері 151 кәсіпкерлік субъектісіне айыппұлдар мен ескертулер берілді.

Департамент мамандары сот процестеріне де белсенді қатысып келеді. Биыл 43 сот отырысына үшінші тарап ретінде қатысып, азаматтардың пайдасына 36,4 миллион теңгенің орны толтырылды. Қазір тағы 10 сот талқылауы жалғасуда.

Мамандар тұтынушыларға өз құқықтарын білу және бұзылған жағдайда белсенділікті арттыру қажет екенін атап өтуде. Құқықтық сауатты азамат әділ нарықты қалыптастыруға ықпал етеді

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы құны 2,3 млрд теңге болатын келісімшартты тендерсіз жасаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *