Home Әлеумет Қазақстанда жеңілдетілген ипотека көлемі екі есе ұлғаяды
Әлеумет

Қазақстанда жеңілдетілген ипотека көлемі екі есе ұлғаяды

Фото: pixabay

Базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламалары қысқарған жағдайда Үкімет тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Тілші».

Соның нәтижесінде азаматтарға арналған жеңілдетілген ипотекалық несиелеу көлемі екі есе артады.
Қаржыландыру көлемі «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясында 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Сонымен қатар «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады. Ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметші мен олардың отбасына жаңа немесе қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.

Құрылыс компанияларымен офтейк-келісімшарттар жасалып, баға үш жыл мерзімге бекітіледі.

Бұл тұрғын үй нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ипотеканы қолжетімді етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version