Home Aqtobe Day Tilshi Quiz: командалар мен компанияларға арналған интеллектуалды ойындар
Aqtobe Day Isker Tilshi

Tilshi Quiz: командалар мен компанияларға арналған интеллектуалды ойындар

Tilshi Quiz командасы бірнеше рет интеллектуалды квиз-ойын өткізіп, қатысушылардан оң пікірлер алды. Қазір ұйымдастырушылар квизді тұрақты түрде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бұдан бөлек, жоба корпоративтік квиздерді тапсырыспен өткізу қызметін ұсынады. Ұйымдастырушылар ойынның барлық кезеңін өз мойнына алады: сұрақтар мен сценарий дайындау, ұйымдастыру, техникалық сүйемелдеу және жүргізу.

Тапсырыс берушіге тек тақырыпты таңдау жеткілікті – ол кәсіби, салалық немесе көңіл көтеруге арналған бағыт болуы мүмкін.

Tilshi Quiz командасының айтуынша, корпоративтік квиз – бұл тек интеллектуалды ойын ғана емес, тимбилдингтің тиімді құралы.
Мұндай формат командалық рухты нығайтып, креативті және стратегиялық ойлауды дамытады, әріптестер арасындағы коммуникацияны жақсартады.

«Квиз – бұл жай ойын емес. Бұл адамдарды біріктіріп, шабыттандыратын және ұжым ішінде жағымды атмосфера қалыптастыратын ерекше тәсіл. Біз ұйымдастырудың барлық кезеңін өзіміз қолға аламыз, ал компания дайын корпоративтік шешім алады», – дейді ұйымдастырушылар.

Tilshi Quiz командасы ынтымақтастыққа ашық және жалпы да, арнайы тақырыптарда да іс-шара өткізуге дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version