Home Aqtobe Day Ақтөбе облысының білім саласында «5Б» жобасы іске қосылды
Aqtobe Day

Ақтөбе облысының білім саласында «5Б» жобасы іске қосылды

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының білім саласында жаңа ауқымды бастама – «5Б» облыстық жобасы іске қосылды. 2025–2028 оқу жылдарын қамтитын бұл жоба білім мен тәрбие сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және оқушылардың жетістігін көтеруге бағытталған. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметінен хабарлады.

«5Б» жобасы бес негізгі бағыттан тұрады:

  • 1Б – Бақылау,
  • 2Б – Бағалау,
  • 3Б – Болжау,
  • 4Б – Біліктілікті көтеру,
  • 5Б – Білім сапасын арттыру.

Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезең 2025–2026 оқу жылында Алға, Ырғыз, Әйтеке би аудандарын және Ақтөбе қаласының 10 мектебін қамтиды. Келесі жылдары өзге аудандар да кезең-кезеңімен қосылмақ.

Басты мақсат – білім беру ұйымдарының даму стратегияларын жетілдіру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру. Сонымен қатар, жоба аясында мектептердің нақты ахуалына талдау жүргізіліп, әр білім ордасы үшін жеке іс-қимыл жоспарлары әзірленеді.

«5Б» жобасын Ақтөбе облыстық білім басқармасы ұйымдастырып отыр. Іске асыруға педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Білім-инновация» лицейі және бірқатар серіктес ұйымдар атсалысуда.

Күтілетін нәтижелердің бірі – мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, оқушылардың білім сапасын жақсарту және заманауи әдістемелер мен цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу.

«5Б» жобасы – өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, заманауи, нәтижеге бағытталған мектеп моделін қалыптастыруға арналған кешенді бастама.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version