Home Hi-Tech Жасанды интеллект бейнекамералар арқылы қазақстандықтарды тәулік бойы бақылап отырмақ
Hi-Tech

Жасанды интеллект бейнекамералар арқылы қазақстандықтарды тәулік бойы бақылап отырмақ

Фото: Sora.com

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) негізінде жұмыс істейтін ұлттық бейнебақылау жүйесі іске қосылмақ. Бұл туралы Сенатта сөйлеген сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев хабарлады.

Министрдің айтуынша, жаңа жүйе қоғамдық орындарды тәулік бойы бақылап, адам жүзін, көлік нөмірлерін анықтап, күмән тудыратын әрекеттерді автоматты түрде тіркей алады. Бұл технология төбелес, адам көп жиналған жағдайлар немесе күдікті заттардың қалдырылуы сияқты оқиғаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Жаслан Мәдиев мұндай жүйенің басты мақсаты – құқық қорғау органдарының жұмысын жеделдетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты.

«Бейбітшілік пен әділдікті сақтау, мемлекеттік институттардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды қолдану қажет. Жасанды интеллект құқықтық қызметтердің сапасын арттыруға, құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектеседі», – деді министр.

Оның сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізілуде. Қазірдің өзінде министрлік бейнебақылау жүйесін жетілдірумен қатар, «ЖИ-негізіндегі заң кеңесшісі» жобасын да іске асырып жатыр. Бұл цифрлық агент азаматтардың заң мәселелеріне қатысты сұрақтарына тез әрі нақты жауап беріп, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version