Әлем

Парижде Лувр музейі тоналды. Наполеонның қымбат заттары ұрланған

Фото: Reuters

Парижде Лувр музейі тоналды. Бұл жөнінде Францияның мәдениет министрі Рашида Дати мәлімдеді. Оқиға кеше таңертең болған. Музей қызметкерлері зардап шекпеген, деп жазады Азаттық.

Le Parisien дерегнше, музейді үш ер адам тонаған. Олар ғимаратқа құрылыс жүріп жатқан аумақ арқылы еніп, лифтімен көтеріліп, терезені шағып, Аполлон галереясына кірген.

Басылым дереккөзінің жазуынша, қылмыскерлер Наполеонның қымбат заттарын — моншақ, алқа, тиар және өзге де зергерлік бұйымдарын алып кеткен.

Лувр музейі – әлемде туристер ең көп баратын орын. Жыл сайын оған шамамен 9 млн адам барады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Нобель сыйлығының лауреаты Малала Газадағы ауруханаға жасалған соққыны айыптады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *