Абай облысы Семей қаласында 14–21 қазан аралығында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында ақтөбелік боксшы Даулет Төлемісов (85 кг) топ жарып, ел чемпионы атанды.
Бұл жеңіс — Ақтөбе боксы тарихындағы ерекше сәт, себебі соңғы рет біздің өңірден ел чемпионы шыққанына 14 жыл өткен еді: 2003 ж. – Галиб Джафаров (57 кг) 2011 ж. – Мәди Шолақов (57 кг) Даулеттің табысы — ұзақ жылдық еңбектің, ерік-жігердің және рухтың жемісі. Бұл жеңіс арқылы ол Ақтөбе боксының жаңа дәуірін ашты!
Ақтөбелік спортшының жеке бапкері – Әлім Әбләкімұлы Абдурашитов.