Home Aqtobe Day Ақтөбеде есірткіге тәуелді 200-ден астам адамның жындыханада қате есепте тұрғаны анықталды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде есірткіге тәуелді 200-ден астам адамның жындыханада қате есепте тұрғаны анықталды

Фото: freepik.com

Ақтөбеде Психикалық денсаулық орталығының қызметіне жүргізілген тексеріс барысында есірткіге тәуелді 205 адамның қайтыс болғанына немесе басқа өңірлерге көшіп кеткеніне қарамастан, есептен шығарылмағаны анықталды.

Бұл қателіктің салдарынан 2,5 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Прокуратураның араласуымен аталған сома бюджетке қайтарылды.
Сонымен қатар, 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version