Home Спорт Ақтауда түркітілдес мемлекеттер инклюзивті спортты дамыту мәселесін талқылады
Спорт

Ақтауда түркітілдес мемлекеттер инклюзивті спортты дамыту мәселесін талқылады

Ақтауда «Инклюзивті спорт: түркі әлемінің тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық форум өтті. Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облыстық «Бочча» паралимпиадалық спорт түрі федерациясының президенті Жаңбырбай Матаев, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Иран елдерінің бас консулдық өкілдері, спортшылар, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Форум барысында инклюзивті спортты дамыту, оның ішінде бочча спортын әлеуметтік интеграция құралы ретінде ілгерілету жөнінде пікір алмасу өтті. Қатысушы тараптар бочча бойынша халықаралық турнирлер мен оқу семинарларын тұрақты түрде өткізуге, ұлттық федерациялар арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және инклюзивті спортты дамыту тұжырымдамасын бірлесе әзірлеуге келісті.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев форумның түркітілдес елдердің ынтымақтастығын нығайтудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Ақтаудың биылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі өңірде осындай халықаралық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Жиын соңында сала мамандары мен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version